Жаңалықтар

«Сақтардан қалған мұра»  және  «Сырға толы Алтай» тақырыбында деректі фильм көрсетілді.

     2019 жылдың 6 ақпанында  Семей көп салалы колледжінде «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттеріне  өлкетану  пәні аясында «Сақтардан қалған мұра»  және  «Сырға толы Алтай»  тақырыбында    деректі фильм көрсетілді. 

Аталмыш  фильмде Шығыс Қазақстан өлкесі бойынша  Шілікті , Берел  қорғандары және алтын киімді адамның табылған жері, Елбасының  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы төңірегінде толық мағлұмат берілді. Археологтардың  зор еңбектері насихатталып, жан-жақты мәліметтер көрсетілді. Студенттер  деректі фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, «Туған жерге тағызым»  тақырыбы бойынша  эссе жазу тапсырылды.

 

Leave a Reply