ЖаңалықтарҚұттықтаулар

Бүгін колледжіміздің директоры Қабылғазинова Әлия Қабылғазықызының туған күні.

Бүгін – ҚР білім озаты,Ы.Алтынсарин төс белгісінің, Ш.Құдайбердіұлы, Д.Қонаев орденінің, иегері колледжіміздің директоры Қабылғазинова Әлия Қабылғазықызының туған күні.

ҚҰРМЕТТІ ӘЛИЯ ҚАБЫЛҒАЗЫҚЫЗЫ!

Сізді Семей көп салалы колледжі ұжымы атынан туған күніңізбен құттықтаймыз. Сіз колледжіміздің негізін қалаушылардың бірі ж/е бірегейісіз! Сонау тарих доңғалағын артқа айналдырсақ ұстаздық жолындағы өнегеңізге сүйсіне қараймыз. Өміріңіздің 40 жылынан астам уақытын білім беру саласына  арнап, бүгінде қара шаңырағымыз колледжіміздің  Анасы атанып отыруыңыздың өзі бізге үлкен мақтаныш. Еңбекте жолында беделді маман, абыройлы жетекші, қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтамыз. 

Сізді басшылығыңызбен атқарылған шаралар мен жасалып жатқан игі істеріңіз дәуірлеу кезеңінде білім беру саласының дамуы мен өркендеуіне айрықша үлесін қосып, орта кәсіптік білім беру мекемесін үлкен жауапкершілікпен басқаруыңыз ұлт руханиятына қосылған сүбелі үлес деп білеміз

ӘЛИЯ ҚАБЫЛҒАЗЫҚЫЗЫ, Өзіңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңызға шаттықтың орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!  Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, шат күлкі мен махаббатқа, мейірім мен қамқорлыққа толсын!

Білім беру саласының зау көгінде салиқалы да салмақты істеріңізбен самғай беріңіз деген тілек білдіреміз!

Ізгі ниетпен,
Семей көп салалы колледжі ұжымы!!!