Колледж спортшылары бізді тағы қуантып жатыр! 💥💥💥
Осы күндері өткен Ұлы Отан соғысының ардагері Қ.Омаровты еске алуға арналған қазақ күресінен Семей қаласының дәстүрлі ашық турнирде 4 курс студенті Ағыбаев Айбек 1-ші орынға иеленді! Құтты болсын, Айбек!🥇👍💎 Әрқашанда спортшылардың алдыңғы қатарында жүріп, еліміздің мақтанышы болуға тілектеспіз! Біз сені әрқашанда мақтан тұтамыз!
Еске сала кетсек, биыл Айбек “Халықаралық Білім қүрылтайы” аясында өткен қазақ күресінен “Шәкәрім барысы” турнирінің жеңімпазы атанып, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің білім грантын ұтып алды.