Жаңалықтар

1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын! «Білім күні» мерекесіне арналған «САНАЛЫ ҰРПАҚ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» атты салтанатты лездеменің ашылуы болып өтті.

Салтанатты жиынға  колледж студенттері мен ата-аналары және колледж ұжымы қатысты. Білім күніне арналған салтанатты жиында жиналғандарды колледж директоры Қабылғазинова Алия Қабылғазықызы құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Өнерпаз жастарымыз колледжімізге жаңа аяқ басқан студенттерді ән шашуларымен қарсы алды. «Жаңа оқу жылында жетістіктерге жетіп, колледж мерейін одан әрі өсіруге ат салысамыз» дейді жалынды жастар.

Колледж ұжымы мен студенттерін жаңа оқу жылымен құттықтаймыз!