Жаңалықтар

“АБАЙ”драмасы

10.12.2019 ж. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай колледж студенттері және Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Мукашова Г.Б жетекшілігімен М.О. Әуезовтің «Абай» драмасын көпшілік назарына ұсынып, көрмендердың ыстық ықыласына бөленді.
Дарамада поэзия, музыка, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген таңғажайып тұлға Абай, ақын шәкірттері мен ескіліктің көлеңкесіне шырмалған Оразбайлар арқылы сол кездегі замана тынысы ашылып, халық үні, өмірі көрініс тапты. Көрермендер заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын Абай қазынасы өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне айқын көз жеткізді. Келген қонақтар «Абай» драмасының өте жоғары деңгейде қойылып, әр образды сомдаған студенттердің таланттарына аса жоғары бағаларын берді.
Қойылым колледжіміздің директоры Қабылғазинова Әлия Қабылғазықызы келген қонақтарға алғысын білдіріп, іс-шараның басты мақсатын атап өтті.