ЖаңалықтарҮгіт-насихат жұмысы

«ЖАҢАРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ: БІЛІМ. ТІЛ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ»

03.03.2020 күні Семей көп салалы колледжінде мектеп оқушылары арасында  «ЖАҢАРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ: БІЛІМ. ТІЛ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ» атты аймақтық ғылыми​ – теориялық конференция  болып өтті. Конференцияға қаламыздың мектептері және Аягөз, Уржар, Көкпекті, Шүлбі, Шақаман, Мақаншы елді мекендерінің мектептерінің оқушылары да қатысты. Бірінші бөлімінде ​ конференцияның ашылуы және пленарлық мәжіліс болып өтті. Конференция қатысушыларын секцияларға​ бөліп, әр секция бойынша жұмыстар жүргізіліп, ғылыми – жобалары мен жұмыстары қорғалды. Конференцияның қорытынды мәжілісінде​ жеңімпаздарды секция жетекшілері марапаттап және барлық конференция қатысушыларына сертификаттар және жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды. Ал конференцияның жеңімпаздары 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.