Наурыз айының 2-ші жұлдызында Рымбек Байсейітов атындағы Қаржы-экономикалық колледжінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың мүмкіндіктері» атты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауын іске асыру мақсатында «Жолдауды орындаудағы менің үлесім» тақырыбында қалалық жастар форумы өткізілді.
Бірнеше күнге созылған форум тек үздік жобаларды сараптаған болатын. Аталған шараға Семей көпсалалы колледжінің «Құқықтану» мамандығының 2-курс студенті Досымова Аружан қатысып, үздік нәтижеге қол жеткізіп, дипломмен марапатталды. Жеңісімен құттықтаймыз!