15.03.2018 ж. арнайы пәндер бірлестігінің оқытушысы Сармурзина Саулет Канатовна шет тілі пәнінен ҚТӘ-21 тобында “Sport’s an important in our life. The Present Simple Tense” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Оқытушы Сармурзина Саулет Канатовна интербелсенді оқыту тәсілдерін қолдана отырып, оқушылар орындайтын бірнеше тапсырма түрлерімен таныстырды. Сабақта жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана білді. Сабақта brainstorming әдісі, джигсо әдісі, инсерт әдісі т.б қолданды. Шет тілі сабағында тақырыптық суреттермен жұмыс жасалды. Сабақ жүйелі түрде, қызықты өтті. Студенттер белсенді қатысып, білім деңгейі мен шығармашылық мүмкіндіктерін көрсете алды.
Оқытушылар сабақты талдау барысында, оқушылардың сабаққа белсене қатысып отырғанын атап өтіп, сабақтың өту барысын жақсы деп бағалады.