2018 жылдың 15 наурызында «Кітапхана ісі» мамандығының 1 курс тобында орыс әдебиеті пәнінен «Нағыз адам деп кімді атауға болады? (М.Шолоховтың «Адам тағдыры» әнгімесі бойынша)» ашық сабақ өткізілді. Оқытушы Казангапова Асем Абылмансуровна талдау сабағында студенттерді ХХ ғасырдың басында жазылған шығармалармен таныстырып қана қоймай, сол әнгімеде қозғалған проблемаларға назар аударып, қазіргі заманның өзекті мәселелерімен байланыстыра білді. «Нағыз адамның бойындағы қасиеттер қандай болу керек? Қадір-қасиет пен ұждан деген не? Қандай да бір қиын жағдай болса да адами қасиетті жоғалтпауға болады?»-деген «мәңгілік» философиялық сұрақтар студенттердің алдарына қойылды. Сол сұрақтарға өздері жауап тауып, әдебиеттің адам өміріндегі және қоғамдағы маңыздылығына тағы да көз жеткізді. Сабақ сын тұрғысынан ойлау технологияның принциптері мен IT- технологиялар элементтерімен құрылды.
«Нағыз адам деп кімді атауға болады?
