Жаңалықтар

Студенттер қатарына қабылдау кеші!

Студент ол жас ғалым, жас ізденуші. Кеше ғана мектеп табалдырығын тамамдаған жас түлектер бүгінде студент атанып отыр. Сол секілді біздің киелі қара шаңырағымыз Семей көп салалы колледжінің табалдырығын аттаған 1 курс студенттері жаңа өмірдің алғашқы беттерін де ашып үлгерді. Әр аймақтан жиналып, жаңа ортаға түсіп, жаңа достар, бейтаныс қала, бейтаныс ұстаздар олар үшін бәрі жат болатын. Колледж қабырғасына еніп, үйренісіп қалған студенттерді Суденттер қатарына қабылдау күні де жетті.

Әр жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін  Суденттер қатарына қабылдау кеші биылға жылы 22.10.2018ж Семей көп салалы колледжінің Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Абай атындағы театрда өз жалғасын тапты!  Аталмыш кештің өтілуіне үлкен жауапкершілікпен қарап, осы кештің өте жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан барлық студенттер мен оқытушылар қауымына шын жүректен зор алғысымызды білдіреміз!