Без рубрикиЖаңалықтар “АДАЛ БОЛ” акциясы! Posted 29.10.201829.10.2018 SMKCollege Семей көп салалы колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты студенттер арасында "АДАЛ БОЛ" атты акция өткізілді. Бұл акцияға құқықтану мамандығының ҚТ-31,ҚТ-21 топ студенттері белсене қатысып, Семей көп салалы колледжінің студенттеріне үгіт-насиxат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жемқорлықтан келетін зардаптарды заңды тұрғыда студенттерге түсіндірді. Акцияны өткізудегі мақсатымыз-студенттер арасында академиялық адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады.